Аллергия деген не
Аллергия – бұл ауру емес, бұл әртүрлі аурулардың тобы, осы аурулардың негізінде ортақ патологиялық процесс жатыр. Адамның иммун жүйесі аллергиялық реакцияның дамуында басты роль атқарады. Дәл сол иммун жүйесі организмді қауіпті және бөтен элементтерден қорғайды. Иммун жүйесі қызметінің механизмі өте күрделі, бірақ оның негізінде адамның немесе жануардың қанында зиянды элементтерді бейтараптандыру үшін антиденелер бөліп шығару […]
Аллергия – бұл ауру емес, бұл әртүрлі аурулардың тобы, осы аурулардың негізінде ортақ патологиялық процесс жатыр. Адамның иммун жүйесі аллергиялық реакцияның дамуында басты роль атқарады. Дәл сол иммун жүйесі организмді қауіпті және бөтен элементтерден қорғайды. Иммун жүйесі қызметінің механизмі өте күрделі, бірақ оның негізінде адамның немесе жануардың қанында зиянды элементтерді бейтараптандыру үшін антиденелер бөліп шығару механизмі жатыр.
Аллергия болған жағдайдағы организм күзетшісі – иммун жүйесі – өзін-өзі қорғау шегін анық бұзады. Иммун жүйесі ең зиянсыз заттарды организм үшін қауіпті деп санайды және оларға артық реакция білдіріп, қорғана бастайды. Қоршаған ортаның сыртқы факторларына дәл осындай аггрессиялы жауап (артық сезімталдық) аллергия деп аталады, ал организмнің осындай қате реакциясын тудыратын антигендер аллергендер деп аталады.
Аллергия көрінісі
Аллергия көрінісі адамның қай органы барынша күшті (кейде аллергиялық реакциялардың бірлесуі мүмкін) араласқанына байланысты ажыратылады. Көзге әсер ететін аллергия көріністері – аллергиялық конъюнктивит, мұрынның шырышты қабатындағы аллергия көріністері – аллергиялық ринит, бронхылық аллергиялық көрініс – бронх демікпесі, аллергиялық тері реакциясы – есекжем.
Аллергия профилактикасы
Аллергия көріністері күнделікті өмірді өте қиындатады. Сондықтан аллергияға сезік туындай салысымен отбасылық дәрігердің немесе аллергологтың толыққанды кеңесін алу үшін қоршаған ортаны, ықтимал аллергендерді немесе тірікендіргіштерді, симптомдардың пайда болу уақыты мен ұзақтығын, сонымен қатар олардың өмір сапасына әсерін бағалау маңызды. Аллергияны емдеудің ең тиімді тәсілі – профилактика, яғни оның алдын алу. Бұл аллергенді анықтау және онымен жанасуды болдырмау дегенді білдіреді.