Маусымдылық және антигистаминді препараттар
Көктем көп адамдар үшін – жылдың сүйікті маусымы, алайда кейбір адамдар бұл маусымды мазасыздықпен қарсы алады, себебі аллергияның қайта асқынатынын біледі. Дегенмен көктем маусымдық аллергиялық ринит немесе шөп безгегі себебінен мазасызданатын жалғыз маусым емес. Аллергендер жоқ жалғыз жыл маусымы – қыс (бірақ қыс та шаң кенелерін, зеңді және жануарларға аллергияны тоқтата алмайды). Сәуір мен мамыр […]
Көктем көп адамдар үшін – жылдың сүйікті маусымы, алайда кейбір адамдар бұл маусымды мазасыздықпен қарсы алады, себебі аллергияның қайта асқынатынын біледі. Дегенмен көктем маусымдық аллергиялық ринит немесе шөп безгегі себебінен мазасызданатын жалғыз маусым емес. Аллергендер жоқ жалғыз жыл маусымы – қыс (бірақ қыс та шаң кенелерін, зеңді және жануарларға аллергияны тоқтата алмайды). Сәуір мен мамыр – ағаштардың (еменнің, қайыңның, талдың) гүлдену уақыты, маусым мен шілде – тозаң мен астық маусымы. Жабайы өсімдіктердің тозаңдары жаздың соңында, күздің басында пайда бола бастайды.
Аллерген өсімдіктрдің гүлденуін болжау туралы ақпаратты алу үшін zied.lv сайтына кіру қажет, онда сіз тапсырыс берсеңіз, қажетті ақпаратты электрондық поштаңыз арқылы аласыз. Ақпаратты аллергиялық ауруларды зерттеу орталығының аэробиологиялық қызметі береді. Маусымдық аллергияның – мұрын бітудің, көз жасаурауының, түшкірудің, қышудың көріністерін бәсеңдету мақсатында – өзіңізді қорғау үшін антигистаминді препарат қаптамасы үнемі жаныңызда болғаны дұрыс.
Антигистаминді препараттар жасуша бөлетін ерекше затқа – аллергиялық реакция мен қабыну тудыратын гистаминге ықпал етеді. Симптомдардың пайда болуын бақылауда ұстау үшін антигистаминді препараттарды күнделікті, немесе қандай да бір симптомдар пайда болғанда қабылдауға болады. Үшінші нұсқасы – белгісіз аллергенмен жанасуды ерте болжап, антигистаминді препараттарды алдын ала қабылдау.
Антигистаминді препараттар екі топқа бөлінеді: ұйқы келтіретін антигистаминді препараттар, және кейбір жағдайларда жеңіл седативті әсер ететін антигистаминді препараттар. Егер босаңсыу, ұйқыны қандыру мақсаты жоқ болса күнделікті шаруаларыңызға кедергі келтірмес үшін ұйқы келтірмейтін антигистаминді препаратты таңдауды ұсынамыз.
Дерек көзі: www.zied.lv