Аллергиялық ринит
Аллергиялық ринит екі түрге бөлінеді. Маусымдық аллергиялық ринит (шөп безгегі) – симптомдары белгілі бір жыл маусымында, көбінесе көктемде, гүлдеген кезде байқалады. Белгілі бір маусымнан тыс аллергиялық ринит – жыл мезгіліне қарамастан аллергияның тұрақты байқалуы. Бұған көбінесе шаң кенесі немесе жануарлар эпителийі себеп болады. Аллергия қалай пайда болады? Аллергендер (тыныс жолдарын тітіркендіретін заттар) мұрынға, тамаққа және […]
Аллергиялық ринит екі түрге бөлінеді.
- Маусымдық аллергиялық ринит (шөп безгегі) – симптомдары белгілі бір жыл маусымында, көбінесе көктемде, гүлдеген кезде байқалады.
-
Белгілі бір маусымнан тыс аллергиялық ринит – жыл мезгіліне қарамастан аллергияның тұрақты байқалуы. Бұған көбінесе шаң кенесі немесе жануарлар эпителийі себеп болады.
Аллергия қалай пайда болады? Аллергендер (тыныс жолдарын тітіркендіретін заттар) мұрынға, тамаққа және көзге түседі де, ерекше жасушаларды (шырлы жасушалар) белсенділендіреді. Бұл жасушалар гистаминді – жоғарыда аталған симптомдарға жауапты заттарды бөледі.Ненің аллерген болуы мүмкін? Бұл ағаштың және басқа өсімдіктердің тозаңы, шаң кенесі, зең, мысық, ит, жылқы және құс, азық-түлік өнімдері (мысалы, сүт, жаңғақ, қызанақ, жұмыртқа) болуы мүмкін. Өкінішке қарай, аллергияның нағыз себебін анықтау өте күрделі болатын, және ол белгісіз күйінде қалатын жағдайлар кездеседі.
Аллергиялық ринит симптомдарын не күшейтеді? Негізінен сигарет түтіні, бояулар, косметикалық құралдар, аспирин сияқты әртүрлі химиялық заттар күшейтеді. Кейде эмоционалдық қысым, алкоголь ішу, суық және дымқыл ауа, жай ішінде кондиционердің болуы себеп болады.
Аллергиялық ринитті қалай емдейді? Бұл ауруды толық емдеу мүмкін еместігіне қарамастан заманауи медицина симптомдарды жеңілдету және өмір сапасын жақсарту тәсілдерін тапты.
-
Аллергендерден аулақ бол! Егер сенің жағдайыңда аллергияны дәл не тудыратынын білсең сол затпен жанасудан аулақ бол. Өсімдіктер гүлдейтін кезде көбінесе жай ішінде болғаның дұрыс, әлеуметтік желілерден тозаң мөлшері мен таралуын қадағала (сол сәтте белсенді тозаң типтері мен оның концентрациясы көрсетілетін арнайы сайттарды тап), көзіңді салқын сумен жу.
Шаң кенелерінің көзі төсек-орын жабдықтары, жұмсақ жиһаз, жұмсақ ойыншықтар, кілемдер болып табылады. Тұрғылықты кеңістікті шаң кенелеріне жарайтын тіршілік ортасы мүмкіндігінше аз болатындай етіп ойластыр. Жануарлар үй-жай ішінде болмауы тиіс. Шылым шекпе және маңайыңдағалардан да соны өтін.
-
Өзіңе өзің көмектес! Салауатты үйлесімді тамақтану көмегімен өзіңді күт, тез тамақтандыру мекемелерінен тамақтанба. Спортпен айналысу, демалыс және күшіңді қалпына келтіру арасындағы оң балансты тап. Егер ол препараттарды дәрігер тағайындамаса деконгестанттарды (мұрынға арналған тамшылар мен спрейлер) ұзақ уақыт пайдаланудан аулақ бол. Алғашында олар симптомдарды бәсеңдетеді, бірақ ұзақ уақыт пайдалану кері әсер беруі мүмкін.
-
Дәрігер немесе фармацевт симптомдардың ауырлығына сәйкес дәрілерді ұсынады. Бұл рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік құралдар болуы мүмкін. Аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препараттардың негізгі топтарының бірі антигистаминді препараттар болып табылады.
Дерек көздері: Murghtag’s Patient Education 6th Edition