Балалардағы аллергия
Аллергия – иммун жүйесінің оған жағымсыз тітіркендіргішке (мысалы, шаң кенесіне, жануарлардың жүніне, тозаңға) реакциясы. Нәтижесінде аллергиялық қабыну реакциясын және аллергиялық ринит, атопиялық дерматит,есекжем сияқты аурулар тудыратын әртүрлі заттар бөлінеді. Аллергия жұқпалы емес, ол балалан балаға жұқпайды. Кейде аллергиялық реакцияның байқалуына дейін бірнеше сағат немесе тіпті бірнеше күн өтеді, сондықтан ұмытып қалу және аллергиялық реакцияның бірнеше […]
Аллергия – иммун жүйесінің оған жағымсыз тітіркендіргішке (мысалы, шаң кенесіне, жануарлардың жүніне, тозаңға) реакциясы. Нәтижесінде аллергиялық қабыну реакциясын және аллергиялық ринит, атопиялық дерматит,есекжем сияқты аурулар тудыратын әртүрлі заттар бөлінеді. Аллергия жұқпалы емес, ол балалан балаға жұқпайды. Кейде аллергиялық реакцияның байқалуына дейін бірнеше сағат немесе тіпті бірнеше күн өтеді, сондықтан ұмытып қалу және аллергиялық реакцияның бірнеше сағат бұрын ішкен сүттің немесе алдыңа алып еркелеткен мысықтың кінәсінен болғанын бірден білмей қалу мүмкін.
Ата-аналарды ойлануға мәжбүр ететін барынша кең таралған сипмтомдар болып табалады:
- құсу, тамақтан бас тарту, іш шаншуына ұқсас көріністер, диарея, дене салмағының баяу өсуі;
- мұрын біту, түшкіру, ысқырықты тыныс алу немесе жөтел, бронхиттің қайталанатын эпизодтары және тұрақты жөтел;
- теріде — бөрту (дерматит, есекжем);
- ашуланшақтық, нашар ұйқы, жиі жылау, бас ауру.
Балалардағы аллергияның негізгі себептері азық-түлік өнімдері (сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, жержаңғақ майы, апельсин, шоколад, соя бұршағы, қызанақ, балық және бидай) және ингаляциялық аллергендер (шаң кенесі, тозаң, жануарлардың жүні және зең) болып табылады. Кейде аллергиялық реакцияның құрамында тағамдық бояулар мен консерванттар бар тағамды ішкенде дамуы мүмкін – бұл жағдайда аллергияға кәмпиттер, тұздықтар, балмұздақ, печенье себеп болуы ықтимал.
Сүт өнімдеріне, әсіресе сиыр сүтіне аллергиялық реакцияның лактозаға төзімсіздік жағдайындағы симптомдардан айырмашылығы жоқ. Сондықтан дұрыс диагноз қоятын дәрігерге қаралған маңызды.
Дерек көзі: Murtagh’s Patient Education 6 Edition